Түркия президенті әке орнына әке болды
Түркия президенті әке орнына әке болды
2 жыл бұрын 1017

Түріктің жетім баласы (аты-жөні айтылмаған – ред.) әкелер жиналысына ел президентін Режеп Тайып Ердоғанды шақыртқан. Яғни, әке орнына әке болып, осы жиналысқа қатысуын сұрап, мұғаліміне үшбу хат жаздыртқан екен. Мұғалім оның тілегін орындап, баланың атынан ел президентіне хат жолдайды. Десе де, ол балаға жұмысы бастан асып жатқан президенттің жиналысқа келе қоюы екіталай екенін айтып, келмей жатса, ренжімеуін алдын-ала ескертіп қояды. Жиналыс өтіп жатқан бөлмеге президент кіріп келіп, осы баланың қамқоршысы өзі (елбасы ретінде Жаратқанның алдында жауап беретінін) екенін айтқанда ел басшысынан мұндайды күтпеген сол жерде отырғандар таң-тамаша қалады.

 

14 000 000 бала Сириядағы соғыстың тауқыметін тартып жатыр 

Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры мәлімдегендей, төрт жылға созылған азаматтық соғыстан титықтаған Сирияда және Ирактың едәуір бөлігінде шамамен 14 000 000 баланың өмірі қауіп-қатердің астында өтіп жатыр. Аталмыш қордыың мәліметіне қарағанда  5600000-нан аса бала ел ішіндегі қиын жағдайда қалып қойған. Тағы 2000 000 бала Ливанда, Түркияда, Иорданияда босқын атанып жүр. 2800 000 ирактық жеткіншек туған өлкесін тастап кетуге мәжбүр болып отыр немесе ИСИМ содырларының бақылауында қалған. Сондай-ақ, 12жасқа дейінгі балалардың дені ИСИМ экстремистік топтың әскери жаттығуынан өтіп жатыр. Мұндай жаттығудан өткендердің біразы содырлар қатарын толықтырса, кейбіреулерін жанкешті етіп дайындап, терактілерге пайдалануда. 

0 пікір
Мұрағат