АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
7 жыл бұрын 4103 muftyat.kz “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі

ҚМДБ, «Халал Даму» ЖШС сіздерді «Халал өнімдер жәрмеңкесі-2017» атты кезекті жәрмеңкесіне шақырады. Өтетін орны 2017 жылы қазан айының 27-28 жұлдызында, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16 мекен-жайы бойынша, Орталық мешіттің алаңында, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңкеде ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның сертификатын алған 50-ге жуық кәсіпорын өнімдері  халық назарына ұсынылады. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспалар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Халал өнімдер жәрмеңкесінің алғашқы ашылу салтанаты 2016 жылы қараша айының 11 күні ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастамасымен өткен еді.

0 пікір
Мұрағат