Графиттік бомба қолданатынын ескертті
Графиттік бомба қолданатынын ескертті
7 жыл бұрын 3104 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея Корея халық демократиялық республикасымен қарулы қақтығысқа баратын болса, энергия қауіпсіздігін істен шығаратын графиттік бомба қолданатындарын ескертті. Аталған қару түрі өңдеуден өткен көміртекті талшықтармен жабдықталған жарылғыш құрылғы. Ол электр құралдарының қысқаша тұйықталуын тудырады. Британиялық The Telegraph ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, оңтүстік кореялық әскерилер мен инженерлер графиттік бомба оқтұмсықтарын жасауға ден қойған. Бұл бомбаның бір артықшылығы сонда: бейбіт тұрғындарға қауіпсіз әрі ғимараттарға зақым келтірмейді. Айта кетейік, АҚШ пен НАТО елдері Ирак пен Югославия соғысында қарудың бұл түрін жиі пайдаланған болатын. 

0 пікір
Мұрағат