«Қазатомөнеркәсіпке» жаңа басшы келді
«Қазатомөнеркәсіпке» жаңа басшы келді
7 жыл бұрын 2819 Baq.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы қызметіне Ғалымжан Пірматов келді. Компанияны бұған дейін басқарған Асқар Жұмағалиев 29 тамыз күні премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді. 

Ғалымжан Пірматов бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Ғалымжан Пірматов – жоғары білікті маман, атом индустриясында танымал. Ол бұл саланы жақсы біледі, сондықтан компанияның алдында тұрған міндеттер мен мақсаттарды іске асырып, салада қолға алынған реформаларды соңына дейін жеткізе алады», - деп сенім білдірді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа басшыны таныстыру кезінде.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Үйленген екі баласы бар.

Новосибирск мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын және Atkinson Graduate School of Management, Willamette University (MBA бағдарламасы бойынша) тәмамдаған.

Әр жылдары «Алтын-Тас» біріккен кәсіпорнында, «AES КиевОблЭнерго», «AES Украина», «Халық Банкі» АҚ жұмыс істеген.

Экономика және бюджетті жоспарлау вице-минстрі қызметін атқарған.

2009 жылдан 2011 жыл аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының экономика және қаржы вице-президенті болды.

0 пікір
Мұрағат