Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды. Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды
Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды. Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды
4 жыл бұрын 2489

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев елдегі және рейс жасалатын мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық әуе рейстері кезең-кезеңімен ашылатынын айтты. Алайда нақты уақыты әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, онда қазақстандықтар бірінші кезеңде Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжанға бара алады.

"Пандемия басынан бастап халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылды. Бұл - бүкіл халықаралық рейс санының 99 пайызы. Бүгінде ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында СІМ және ДСМ бірлесе отырып, бірнеше халықаралық әуе бағытын ашу бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Соның ішінде, бірінші кезең, COVID-19 бойынша эпидемиялық жағдайдың классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан кірді. Атап кететін жайт, біз аталған мемлекеттердің авиациялық басқармаларымен әуе рейстерді қайта бастау мүмкіндігін енді пысықтап жатырмыз, - деп ескертті Талғат Ластаев.

Оның айтуынша, ҚР СІМ қызметкерлері шетел азаматтары және біздің азаматтарымыздың мемлекеттік шекара арқылы өтуін пысықтап жатыр. Өйткені бірнеше мемлекетте кіруге және шығуға шектеулер бар. Денсаулық сақтау министрлігі де бірігіп, жолаушыларды тасымалдау мен карантин санитарлық талаптарды бекітеді. Сонымен қатар, бас санитармен бірігіп, аталған мемлекеттерге мониторинг жасап, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде тиісті шаралар қабылданады.

Спикердің сөзінше, екінші кезең, эпидемиялық қауіпсіздікке байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Бірақ әзірге рейстердің қашан ашылатыны белгісіз.

"Тағы атап өтемін, бұл рейстер ертеңнен бастап ашылмайды және тек эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық инстанциямен келісу біткенде басталады. Рейстердің ашылуы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді комитет төрағасы.

Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Ата-ана ел ішінде демалатын болса, онда он бес жасқа дейінгі екі баласы ұшақпен тегін ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан ішінде демалатын он бес жасқа дейінгі балалар тегін ұшады, деп жазады ernur.kz порталы Sputnik Қазақстан ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Жоба"1+2" есебімен 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеуді көздейді. "Қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандыру үшін біз "KIDS GO FREE" жобасын әзірледік. Республикалық бюджеттік комиссия қарауы үшін қаржы министрлігіне енгіздік", - деді "Қазақтуризмнен".

Ұлттық компанияның пікірінше, бұл демалысты 30%-ке арзандатуға мүмкіндік береді. 100 мың отбасы немесе 600 мың қазақстандық үшін 7,6 миллиард теңге субсидияланған кезде, 33 миллиард теңгеден астам қаржы ел экономикасына түседі. Яғни, Қазақстан экономикасына бір теңге субсидияға 5 теңге келеді.

Қазақстан ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше былтыр ішкі туристің орташа чегі 108 мың теңгені құрады.

0 пікір
Мұрағат