Қазақстанға келетін шетелдік туристер күніне 11 мың теңге жұмсайды (инфографика)
Қазақстанға келетін шетелдік туристер күніне 11 мың теңге жұмсайды (инфографика)
8 жыл бұрын 2905 7kun.kz

Статистика комитетінің мәліметтері арқылы ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтың портреті құрастырылды. Анықталғандай, сауалнамаға қатысқандардың 91%-ы көрме туралы біледі және тағы үштен екісі көрмеге баруға дайын. 

Жалпы алғанда 300 мың шетелдік келеді деген болжам бар. Орта есеппен олардың әрқайсысы 44 000 теңге жұмсауы қажет.

Сауалнамаға сай, шетелдіктердің 65%-ы құны 3-5 мың теңгелік билет алып, көпшілігі қонақүйге орналасады. Қалада 2 күн болады. Шетелдіктердің көпшілігі Астанадан бөлек Бурабайға, Ақмола және Қарағанды облыстарына баруды жоспарлап отыр.

Ал Қазақстанға келетін жалпы шетелдік туристің портреті өзгеше болды. Ол елімізде 6 күн болып, 64 мың теңге жұмсайды. Яғни әр тәулікте — 11,3 мың теңге. Шығындардың көп бөлігі халықаралық тасымалға жұмсалады. 18% азық-түлік емес тауарлар сатып алуға, 39% киім мен аяқ киімге, 27%-ы сыйлықтар  мен кәдесыйға жұмсалады.

14642602_389147894806400_1926663692_n

14642635_389147931473063_146147347_n

 
0 пікір
Мұрағат