Қазақстандықтардың ақшалай кірісі азайды
Қазақстандықтардың ақшалай кірісі азайды
8 жыл бұрын 2794 7kun.kz Фото: Millioner.kz

2016 жылдың тамыз айында халықтың жан басына шаққандағы ортша ақшалай кірісі 74 117 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары, алайда, нақты ақшалай кіріс аталған кезеңде  7,5%-ға азайған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қызметкердің орташа номиналды айлық жалақысы 2016 жылдың қыркүйек айында 139 279 теңгені құрады», — деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, қыркүйек айындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 447,2 мың адамды құрады. Халықтың экономикалық белсенділігіне байланысты жұмыссыздар деңгейі — 5%. Ал жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қыркүйек айында 74,4 адам болды.

Айта кетейік, статистика комитетінің ақпараты бойынша 2015 жылғы жұмыссыздар саны да 5%-ды құраған.

1 пікір
Мұрағат