Қазақстандықтар шетелде 517 млн доллар сақтайды
Қазақстандықтар шетелде 517 млн доллар сақтайды
8 жыл бұрын 2336 7kun.kz Фото: ortcom.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанның 712 азаматы шетелдік банктерде 52 валютада қаржыларын сақтайды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. 

«Ең көп таралған валюталарға тоқталсақ, 240 азамат табысын 517 млн долларда, 237 азамат 30 млн еурода, ал 123 адам 23 млн фунт стерлингте сақтайды. Олар Салық кодексінің нормаларын сақтап, «тыныш ұйықтайтындар», — деді ол.

Оның сөзінше, жалпхалықтық жариялау бақылау процесін ретке келтірудегі бір кезең ғана. «2020 жылға дейін мемлекеттік органдардың мәліметтер базасын синхрондау және ақпараттық жүйелердің шашыраңқылығын жою деген жоспар орындалу қажет. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың шетелдегі қаржысы мен мүлкін бақылауға алатын механизмдеріміз бар. Айта кетейін, Салық кодексінің шетелдік капиталды жариялау деген нормасын ешкім кері шегерген жоқ», — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап Салық кодексінің шетелдегі табысын міндетті түрде жариялау деген нормасы күшіне енеді.

1 пікір
  • Шет елде сақтайтындарға мен түсінбеймін, өзін ойлап елін ұмытып жүрген адамдар шығар.Елімізге зауыттар салып өзіне еке есе пайда әкелмейді екен а
    8 жыл бұрын
Мұрағат