Қазақстандықтар шетелдерде емделуге жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды
Қазақстандықтар шетелдерде емделуге жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды
8 жыл бұрын 2307 inform.kz

Қазақстандықтардың арасында халықаралық медициналық туризмге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Шет елдерге барып емделуге қазақстандықтар жылына шамамен 280 млн доллар жұмсайды. Бұл үрдіс 2015 жылы да сақталды. Биыл да сақталуда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медицина туризмі нарығы. Маңызды бағыттар мен сұранысқа ие медициналық қызметтер» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында халықаралық «Седжон Еуразия» медициналық орталығының өкілі Айнұр Жоламанова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар әсіресе кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, ортопедия, экстракорпоральды ұрықтандыру, органдар мен тіндерді ауыстырып салу салалары бойынша негізінен Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Сингапур және Түркия елдеріне барып емделгенді жөн санайды. ет елдерге барып емделуге қазақстандықтар жылына шамамен 280 млн. доллар жұмсайды. Бұл үрдіс 2015 жылы да сақталды. Биыл да сақталуда», - деді А. Жоламанова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2017 жылға қарай, «Global Spa & Wellness Sammit»   ұйымының дерегінше, медициналық туризм нарығы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне қарай ойысады.  

«2017 жылға қарай халықаралық медициналық туризм нарығының 50 пайызы, яғни тең жартысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне қарай ойысады. Бұл жерде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ішінде Оңтүстік Корея көш басында болады. Өйткені, Оңтүстік Кореяда денсаулық сақтау саласы ең жоғары әлемдік стандарттарға жуаап береді. Соған қарамай ол қол жетімді. Жылына Оңтүстік Кореяға медициналық визамен шамамен 120 мың шет елдік азамат барады», - деді А. Жоламанова. 

0 пікір
Мұрағат