Қазақстандықтар медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады
Қазақстандықтар медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады
8 жыл бұрын 2658

Қазақстандықтар медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесі мен 2016 жылдағы алда тұрған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі кезінде министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында емханалардағы жасанды кезекті азайту үшін ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілетіледі.

"Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, ауруды ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша медқызметкерлерді оқыту ұйымдастырылып, скринингтік тексеруден өткен азаматтарды бақылау мен есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылады.

"Мұның барлығы әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін төмендетуге, сонымен қатар, асқынулар санын азайтуға мүмкіндік береді", - деді Дүйсенова. 

1 пікір
  • Дұрыс,негізінде ЦОН-ға бараған адамның шаруасы бітіп шығады.Цон қызметкерлерінің жауапкершілігі мықты.
    8 жыл бұрын
Мұрағат