Көзін сканерден өткізген тамақты тегін алады (видeо)
Көзін сканерден өткізген тамақты тегін алады (видeо)
8 жыл бұрын 2626

Сириядан келген босқындарға дүкеннен тамақ алу үшін банк карталары мен талондардың керегі жоқ. Себебі енді оларға кассаға келіп, көздерін сканерге түсірсе жеткілікті. Мұнан өзге ешқандай төлем түрінің керегі жоқ, деп жазады RT. Бұл жаңашылдықты БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы енгізіп, оны иордан жеріндегі серіктестер құптады. Ең басты шарт - мигрант БҰҰ Босқындар жөнінен бас комиссары басқармасының деректер базасында тіркелген болуы тиіс. Жалпы төлем операциясы жергілікті IrisGuard сканерлеу бағдарламасы арқылы іске асырылады. Ол сканерден өткен босқынның алған азық-түлік құнын есептеп, арнайы гуманитарлық көмек қорынан төлемнің түсуін іске асырады. Сол кезде кассадан чек шығып, ол босқынға беріледі. Айта кету керек, бүгінде Иорданияда Сириядан көшуге мәжбүр болған 600 мыңға жуық адам тұрып жатыр.

0 пікір
Мұрағат