Газетке жазылғандарға Құран беріледі
Газетке жазылғандарға Құран беріледі
8 жыл бұрын 3000 muslim.kz

Грекия мемлекетіндегі To Vima деп аталатын газет редакциясы жұртты ойламаған жерден қуанышқа бөлеген акция ұйымдастырды. Аталмыш газеттің жаңа нөміріне ие болғандардың барлығына газет әкімшілігі грек тіліне аударылған Құран Кәрім тарту етті.

To Vima осылайша ауқымды акция ұйымдастырып отырған алғашқы баспа ретінде танылып отыр. Газеттің әр жаңа оқырманына апта сайын қасиетті кітап сыйға беріліп отырады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Грекия аумағында 11 млн халықтың 300 000-ға жуығы ислам дінін ұстанады.

 

79 мешіт жамағатқа қайта берілді 

Грузияда 2014 жылдың басынан мұсылман қауымына 79 мешіт қайтарылған. Осындай мәліметтерді Грузияның Дін мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Заза Вашахмадзе хабарлады.

2015 жылы ел мұсылмандарына 2 млн 200 мың лари қаржы бөлінген. Бұл қаражат дін қызметкерлерінің айлығы мен діни қызметке, діни ғимараттарды қалпына келтіруге, діни бірлестіктердің тұрмыстық қажеттіліктеріне, мәдени және қайырымдылық шараларына бағытталды.

Заза Вашахмадзе министрлікпен жасалған меморандум туралы айта келе, түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен дін өкілдерінің кездесу өткізуіне жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, олардың діни рәсімдерге қатысуына да мүмкіндік берілмек. Жоба аясында түрме кітапханаларына діни әдебиеттер таратылады. 

0 пікір
Мұрағат