Қазақстандықтар жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексере алады
Қазақстандықтар жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексере алады
5 жыл бұрын 2788

Енді 3 минуттың ішінде жеке тұлға туралы мәліметтерді білуге болады.

Қазақстандық Kompra стартапы жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексеруді іске қосты. Бұл туралы the-tech.kz сайты  хабарлады.

Енді 3 минуттың ішінде жеке тұлға туралы төмендегі мәліметтерді білуге болады:

  • Іздеуде болуы;
  • Хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізілімінде болуы;
  • Атқарушылық іс жүргізудің болуы;
  • Шығуға шектеу тізілімінде болуы;
  • Алимент төлеу бойынша борышкерлер тізілімдерінде болуы;
  • Балаларға қатысты қылмыстары үшін сотталғандардың тізілімінде болуы (педофилдер тізілімі);
  • Терроризм мен экстремизмді қаржыландырған адамдар тізілімінде болуы;
  • Салық берешегінің болуы;
  • Байланысты компаниялар (директор немесе құрылтайшы);
  • Қолданыстағы ЖК.

Құқықтық жағынан шектеулер жоқ. Сервисте тек жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер (субъектінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық талаптары қолданылмайтын жеке деректер) пайдаланылады. Олар мемлекеттік органдардың  интернет-ресурстарында орналастырылған.

0 пікір
Мұрағат