2018 жылы Қазақстаннан қанша мың адам кетті
2018 жылы Қазақстаннан қанша мың адам кетті
5 жыл бұрын 3398 7kun.kz

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бет алды – 35 544 адам (бұрын 31 467). Ал басқа елдерге 3 813 адам  кетті.

2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан 39 357 адам  кетті.  Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,9% – ға көп.  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті осындай деректер ұсынды.

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бет алды – 35 544 адам (бұрын 31 467). Ал басқа елдерге 3 813 адам  кетті.

Кеткендердің ішінде орыстар (72,6%), немістер (7,3%), украиндар (6,6%) және қазақтар (4,3%) көш бастап тұр.

2018 жылдың 11 айында Қазақстанға басқа елдерден келгендердің саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5% – ға дейін азайды (11 545 адам). 9 069 адам Қазақстанға ТМД елдерінен, 2 476 адам басқа елдерден келді.

Елімізге қоныс аударғандар қатарында қазақтар (53,1%), орыстар (23,3%) және украиндар (2,8%) көп.

Осылайша, көші–қон сальдосы теріс сақталды , -27 812 адам. Яғни Қазақстаннан кеткендер саны ҚР-ға келгендер санынан 27 812 адамға артық.

Республика аумағындағы көшіп-қонушылардың саны 12,2% – ға төмендеп, 819 504 адамға дейін азайды. Өңіраралық қоныс аударушылар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Астана (17 617 адам), Алматы (31 738 адам) және Шымкент (38 074 адам) қалалары.

0 пікір
Мұрағат