Қытайлар тек дінмен "алысып" қоймай "харамға" да тыйым салуда
Қытайлар тек дінмен "алысып" қоймай "харамға" да тыйым салуда
5 жыл бұрын 3388 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай көрермендері эфирден құлағының сырғалығы жасырылған жігітті байқап қалған. Daily Mail ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, цензуралық тыйым бойынша кейінгі кезде бозбалалар арасында сәнге айналған  - құлаққа сырға тағуға болмайды. Бұл жайында қытай блогері  Weibo желісіндегі өзінің парақшасында мәлім етті. Ол мұндай көріністі (ер адамның құлағының сырғалығын жасыруды) үш хабардан байқап қалған. Жаман әдет жұққыш келеді емес пе, онсыз да, яғни, жарнамасын асырмай-ақ танымал сән үлгілерін көгілдір экраннан насихаттай берудің қажеті қанша? Бұл жағынан келгенде, тоталитарлық режимнен үлгі алатын тұстар бар. Бұл арада олардың дінді жоққа шығаруын ақтап алайын деп отырған жоқпыз. Қытай билігі тек ер балалардың құлағына сырға тағуына ғана қарсы емес, сонымен қатар, денесіне сурет салдыруға (тату), шашын боятуға, қысқасы, ер-азаматқа тән емес сәндену үлгілеріне тыйым салады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш елде әлеуметтік желіде тыйым саолынған контент жариялағандарды ұстап бергендерге өткен жылы 600 мың юан сыйақы берген. 

0 пікір
Мұрағат