Қазақстанда президенттікке үміткер ретінде өзін өзі ұсынуға тыйым салынды
Қазақстанда президенттікке үміткер ретінде өзін өзі ұсынуға тыйым салынды
7 жыл бұрын 2676 stan.kz

Қазақстанда президенттікке өзін өзі ұсынуға қатысты заңға өзгерістер енгізеді.

Парламент мәжілісінің депутаттары “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын жобасын мақұлдады

«Ұлттық коммунистер» фракциясының жетекшісі Депутат Владислав Косарев бұл өзгеріске қатысты пікірін айтты.

«Өзін өзі жарнамалағысы келетін немесе есі ауысқан адамдардың өз кандидатурасын ұсынатынын бәріміз білеміз. Сондықтан өз кантидатын тек саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынуын қолдаймын», – дейді Косарев.

Ал, Әділет министрі Марат Бекетаев өзін өзі ұсынуға оң көзқарас танытты.

«Біз өз кандидатурасын ұсынған талай жанды көрдік. Пиар жасау керек болғанда немесе басқа жағдайда осылай жасайтындарын елдің бәрі түсінді», – дейді ол.

Ал саяси ұйым міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Және үміткердің кем дегенде 5 жыл тәжірибесі болуы керек. Сондай-ақ, кандидат орталық сайлау комиссиясына дені сау екенін дәлелдейтін анықтама өткізеді.  Қазір Денсаулық сақтау министрлігі президенттіктен үміткерлерге қойылатын медициналық талаптардың тізімін дайындап жатыр.

0 пікір
Мұрағат