Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды
Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды
7 жыл бұрын 3359 naryk.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8,4 мың жұмыс берушіге (республикалық көрсеткіштің 6,3%-ы) сауалнама жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп сұранысқа ие мамандықтың көмекші жұмысшылар екені анықталды.

Елдегі жалпы қажеттіліктің 11,3 пайызын құрайды. Екінші орында дәрігер мамандар мен күзетшілер. Оларға деген сұраныс 4,8 пайызды құрайды.

Одан кейінгі орында мұғалімдер (4,1 пайыз), сосын тігіншілер (2,1 пайыз).

Сонымен қатар, жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 30 мың.

Кәсіби мамандар арасында өнеркәсіп саласы қызметкерлері көш басында. Соның ішінде, құрылысшы-монтаждаушылар мен дәнекерлеушілерге деген сұраныс жоғары.

0 пікір
Мұрағат