Қазақстанда ГМО-ны қолдануға заңмен тыйым салынды
Қазақстанда ГМО-ны қолдануға заңмен тыйым салынды
7 жыл бұрын 2755 inform.kz

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда ГМО-ны қолдануға тыйым салынады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аграрлық ғылыми-ағартушылық орталығының басшысы Асқар Наметов мәлім етті.

«Барлық ГМО гибридтермен байланысты. Әлемде гибридтер негізінен майлы дақылдыларды өсіруде қолданылады. Гибридтер біздің елге 10-15 жыл бұрын келген және біздің жағдайларға икемделе алмады. Біздің мемлекет ГМО қолданатын гибридтерге оң көзқарас танытпай отыр. Жақын жылдары оларды қолдануға тыйым салатын белгілі бір кедергілер, нормалар, ережелер енгізілуі мүмкін», – деп атап өтті ол.

Асқар Наметовтің айтуынша, шет мемлекеттер Қазақстанда егін шаруашылығы химиялық қоспаларсыз жүргізілетінін біледі. Олар Қазақстаннан органикалық таза өнімдерді күтеді, сондықтан біздің елде ГМО гибридтерін қолданатын болсақ, олар оны қолдамайды.

«Сондықтан бізге біртендеп органикалық жер және мал шаруашылығын дамытуға көшу керек. Қазір стандарттар жасақталуда. 2017 жылдың екінші жартысында органикалық өнім шығаруға мүмкіндік беретін ережелер шығуы ықтимал», – деп атап өтті Наметов.

Оның сөзінше, Ақмола облысында бірнеше кәсіпорын аккредитациядан өткіп үлгерді, енді олардың шығарған таза өнімдері Еуроодақ елдеріне экспортталуда.

0 пікір
Мұрағат