Қазақстанда электронды ақшаны бұғаттауға рұқсат беруі мүмкін
Қазақстанда электронды ақшаны бұғаттауға рұқсат беруі мүмкін
5 жыл бұрын 1972 7kun.kz Гүлдана Қазтай. Kapital.kz

Қазақстандық құқық қорғау органдарына электрондық ақшаны бұғаттауға рұқсат беріледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінде хабарлады.

Қаржы министрлігі бұл ережені «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізді.

Бұл ретте электрондық ақша иесінің жеке басын анықтамай-ақ электрондық ақшаға уақытша шектеу белгілеуге болады.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, есірткі бизнесінің қаржы құрылымында есірткі есептері жүйесі және электрондық ақша қаражатын пайдалануға негізделген заңдастыру жүйесі бар.

«Қазіргі уақытта қаржы мониторингі комитеті мен құқық қорғау органдары есірткі заттарын сату мақсатында қолданылатын электрондық әмияндарды анықтауда. Негізінен осы электрондық әмияндардың иелері және электрондық ақша бар әмияндармен операциялар анықталмаған. Осыған байланысты жеке басын анықтаусыз электрондық ақшаны басқаруға уақытша шектеу қою мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», – деді Қаржы министрлігінде.

0 пікір
Мұрағат