Қазақстанда экономикалық қылмыстардан бір жылда қаншалықты зиян келгені анықталды
Қазақстанда экономикалық қылмыстардан бір жылда қаншалықты зиян келгені анықталды
7 жыл бұрын 2367 tengrinews.kz

Елімізде экономикалық қылмыстардан 7,2 миллиард теңге көлемінде зиян келген. Бір жылда бұл соманың бестен бір бөлігі ғана қайтарылған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді.

"2016 жылы және биыл 2 айда Ұлттық бюро экономикалық қылмыс бойынша - 34 жалған кәсіпкерлік, 17 экономикалық контрабанда, 17 салықтан жалтару, 7 шот-фактураны жалған толтыру дерегін тіркеген. Бұл оқиғалардан келген шығын 7,2 миллиард теңге, оның 1,2 миллиарды қайтарылды", - дейді Шпекбаев Сенаттағы экономикалық қылмыстарды талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысында. Оның айтуынша, мұндай қылмыстарға мемлекеттік қызметкерлердің қатысы болған жайлар да бар. Бір жылда Жемқорлыққа қарсы қызмет қызметтік тұлғалардың көлеңкелі экономика өкілдеріне қамқорлық жасауы бойынша 50 дерек тіркеген. Бұл оқиғалардың басым бөлігі жалған кәсіпкерлікке қатысты - 23, ойын бизнесі - 15 және контрабанда бойынша 3 оқиға.

0 пікір
Мұрағат