Солтүстік Кореяда өлім жазасына кесілетін 15 түрлі құқық бұзушылық әрекеттер
Солтүстік Кореяда өлім жазасына кесілетін 15 түрлі құқық бұзушылық әрекеттер
7 жыл бұрын 10816 morediva.ru Гүлім Жақан

Солтүстік Корея – әлемдегі жабық елдердің бірі. Тұрғындары мемлекет билігінің қатал тәртібіне көнуге мәжбүр, олай болмаған жағдайда түрмеге тоғытылады немесе өлім жазасына кесіледі. Өлім жазасына қандай жағдайда кесіледі? «Қамшы» порталы Солтүстің Кореяның құқық бұзушылық әрекеттерін назарларыңызға ұсынбақ.

 

1.Тыйым салынған әуендерді тыңдау Солтүстік Кореяда шетелдік әуендерді тыңдауға тыйым салынған. Радио, телевидение, ғаламтор, БАҚ – бәрі мемлекеттің арнайы қызметкерлерінің қатаң бақылауында болады. Шетелдік мәліметтер, өлеңдер Солтүстің Кореяның ұлттық құндылықтарын қорлайды екен.

2.Шын жүректен аза тұтпау Кореяның басшысы қаза тапса, халық түгел аза тұтуға міндетті. Аза тұту күндері кореялықтар 100 күн бойы қайғы жұтып жылаулары тиіс. Сезімдерін барынша сыртқа шығарып, жан дауыстарымен айқайға салып тұрып жылаулары керек екен. Эмоцияларын іштерінде тыйып қалған жағдайда түрмеге тоғытылады немесе өлім жазасына кесіледі. 100 күн бойы елдің әр аймағында камералар қосулы тұрады.

3.Аза тұту Ким Чен Ын тұрғындарға дүниеден өткен туыстарын жоқтап, жылауға тыйым салады. 2013 жылы Чан Сон Тхэк мемлекеттік төңкеріс жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Әйелі қайғы тұтып бастаған күні-ақ із-түссіз жоғалып кеткен.

4.Жиналыс уақытында ұйықтау Ким Чен Ын өзі сөйлеп тұрған уақытта ұйықтаған азаматтарды көңілі жаратпаған. Бірнеше жыл бұрын Ұлттық Қарулы Күштер министрі Хен Ен Чхоль мемлекет басшылары жиналған отырыста ұйықтап кеткендіктен айыпты болып саналды. Сол үшін ату жазасына кесілді.

5.Алкогольді шырындарға қатысты жаза Солтүстік Корея азаматтарына тек мемлекеттік мейрам кездерінде ғана алкогольді шырын ішуге рұқсат берілген. 2013 жылы Ким Чен Ируды аза тұту уақытында алкоголь қолданған солтүстік кореялық әскерлер өлім жазасына кесілді.

6.Азық-түлікті ұрлау Солтүстік Кореяның еңбек лагерьінде аштықтан қаза табатындардың саны жетеді. Себебі, аштық оларды ұрлық жасауға мәжбүрлейді. Бұндай әрекетке барған адам дүйім жұрттың алдында атылады. Тіпті, балаларды, оқушыларды осындай рәсімдерге сабақ болсын деген ниетпен арнайы шақырады екен.

7.Тасбақа фермасындағы сапасыз жұмыс 2015 жылы Солтүстік Кореяның Мемлекеттік ақпараттық агенттігі Ким Чен Ынның тасбақа фермасына барған сәтін фото-есеп ретінде жариялаған болатын. Ал, басшыға қызметкерлердің теңіз шаяндарын өсіруі ұнамаған секілді, суретте нашар көрініс тапқандықтан, Ким Чен Ын қызметкерлерді өлім жазасына кесу жайында үкім шығарды.

8.Сабынды операны тамашалау 2013 жылы Солтүстік Кореяда оңтүстік кореялық фильмдерді қарағаны үшін 80 тұрғын өлтірілді, 2014 жылы 50-і қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында шенеуніктер де болған.

9.Шетелмен байланысқа шығу Сыртқы әлеммен байланыс ұстауға бұл мемлекетте қатаң тыйым салынған. 2013 жылы мемлекет тұрғыны Оңтүстік Кореядағы тұрғынымен тілдескені үшін атылды.

10.Ғаламторға шығу Біз өмірімізді ғаламторсыз елестете алмаймыз. Ал, Солтүстік Корея тұрғындары ғаламтор желісін пайдаланып, сыртқы әлеммен байланысқандары үшін қатаң жазаға тартылуы мүмкін.

11.Порнографияны көруге қарсы Порно фильмдерді қараған адамдар да өлім жазасына кесіледі. Ким Чен Ынның көңілдесі әнші Хен Сон Воль ашық киімде жарнамаға түскені үшін ата-анасынның көз алдында өлім құшты.

12.Шекарадан асу Солтүстік Корея тұрғындарына мемлекеттен өз еріктерімен шығуға тыйым салынған.

 

13.Басшыларды қадірлемеу Корея басшыларының мүсіндеріне, ескерткіштеріне тіпті туристердің өзі бас июге міндетті. Қадірлемеген адамды ойланбастан өлімге қияды.

14.Дінге сену 2013 жылы 80 адам Інжілді сақтағандары үшін өлтірілді. Себебі, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ир бастаған діни ұстанымына сенуге міндетті.

15.Батыс әдебиетін сақтау немесе сатылымға шығару Солтүстік Кореяда батыс әдебиеті бағаланбайды, батыс әдебиетін пайдалану мемлекет басшысына деген сенімділіктің жоқтығы ретінде саналады. Сондықтан, батыс әуені, әдебиеті, фильмдері – бұл мемлекеттің тұрғындары үшін нағыз қатыгез дүние. Батыс өркениетіне қатысты дүниені иемдену, тарату немесе сатылымға шығару сынды әрекеттердің соңы өліммен аяқталады. 

0 пікір
Мұрағат