Алматылық сатып алған күрішінің пластик болып шыққанын мәлімдеді (видео)
Алматылық сатып алған күрішінің пластик болып шыққанын мәлімдеді (видео)
7 жыл бұрын 8712

Алматыда ер адам дүкендердің бірінен күмәнді күріш сатып алған. Біртүрлі дақылдың видеосын ер адам Tengrinews.kz редакциясына жіберген.  Оның айтуынша, азық 8 наурызда "Қазақфильм" ықшамауданындағы қалалық кішігірім дүкендердің бірінен алынған. 

"Сөреде бірнеше пакет жатты, сыртқы қабаты әдемі, тәп-тәуір күріш болатын. Кеше қайнатайын деп, біраз жудым, сол кезде байқағаным, күріштің түсі өзгеріп кетті, жартылай ақ, жартылай селдір бола түсті. Бес минуттан соң барлығы аппақ болды. Мен күрішті қолыма алып, езгенімде ол ұнтаққа айналды", - дейді Алматының тұрғыны Владимир. Ер адамның ойынша, ол қытайлық пластикалық күріш сатып алған. Оның айтуынша, күмәнді дақылды олар жеуден бас тартқан. Сатып алған затын ол қоқысқа тастаған. "Алматылықтарды ескерткім келеді, күріш сатып алғанда абай болыңыздар. Мен мұндаймен бірінші рет кездесіп отырмын, жағымсыз жайт", - деді ер адам. 

Осыған дейін БАҚ өкілдері, Қытайда қолдан жасалған күріштің пайда болғанын жазған. Ол картоптан және пластмассадан жасалған. Мамандар қолдан жасалған күріштің адам денсаулығына зиян екенін айтады. Оны пайдаланған жағдайда адамдар қайтыс болуы да мүмкін.   Қолдан жасалған күріштің Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде таралғаны хабарланды. Қазақстанға пластикалық күріштің кіргені туралы ресми мәлімет жоқ.

 

0 пікір
Мұрағат