Қазақстан мен Еуропа одағы серіктестіктің жаңа белесіне көтеріледі
Қазақстан мен Еуропа одағы серіктестіктің жаңа белесіне көтеріледі
2 жыл бұрын 1011

Брюсселде Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтуға қатысты келіссөздің жетінші кезеңі аяқталды. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз баянында айтылғандай, Қазақстан мен ЕО келіссөзінде саяси, құқықтық, сауда-экономикалық, гуманитарлық, қауіпсіздік мәселелер қамтылған. Келіссөздің соңғы кезеңі үстіміздегі жылдың күз мезгілінде Астана қаласында өтеді. ЕО Орта Азиядағы мемлекеттердің арасында тек Қазақстанмен ғана стартегиялық  маңызы зор осындай келіссөз жүргізіп жатқанын айта кету керек.  2013 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 53,4 млрд долларды құрады.

2 пікір
  • Қазақстан пен Еуропа одағы серіктестіктің жаңа белесіне көтеріледі... Қазақстан мен Еуропа деген сөз тіркесі сәйкес келеді ПЕН деген еш сәйкеспейді!
    2 жыл бұрын