Қазақстан жұмыс істейтін әйелдердің саны бойынша әлемде екінші орында
Қазақстан жұмыс істейтін әйелдердің саны бойынша әлемде екінші орында
7 жыл бұрын 2655 bag.kz Айнұр МАРАТҚЫЗЫ

Қазақстанның экономикалық белсенді әйелдері 66,6 пайызды құрайды. Яғни, әлем бойынша Қытай Халық Республикасынан кейінгі екінші орында тұр. Бұл туралы Астанада өткен «Ауылдық жерлердегі әйелдер арасында шағын кәсіпкерлікті тиімді дамыту тәжірибесі» атты Республикалық конференцияда айтылды. 

«ҚазАгро» xолдингінің басқарушы директоры Лилия Мусина: «Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 49 пайызды құрайды. Ал гендерлік тұрғыдан қарағанда аграрлық сала экономиканың ең үздік үштігіне кіреді», - дейді.

Оның айтуынша, елімізде 700 мыңнан астам әйел ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек етеді. Яғни, бұл - барша жұмыспен қамтылған әйелдердің 20 пайызы.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әйелдердің 19%-ы сауда саласында, 19%-ы білім саласында, 9%-ы өнеркәсіп саласында және 9%-ы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат