Сақинаға қарсы білезік сынақтан сәтті өтті
Сақинаға қарсы білезік сынақтан сәтті өтті
7 жыл бұрын 2565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Хайфа елді-мeкеніндегі «Технион» деп аталатын институтының медицина факультетінің ғалымдары сақинаға (бас ауруы) қарсы электрлі білезікті сынақтан өткізді. Сынақ сәтті өтті. Бас ауруын жазуға бағытталған аталған құрылғы смартфон арқылы басқарылады.  Бұл жайында Neurology басылымында мақала жарияланды. Тәжірибеге 70-тен аса адам қатысқан. Өз еркімен. Олардың бәрі жиі қайталанатын бас ауруынан азаптанатынын жеткізген. Білезіктің көмегімен жүргізілген зерттеу аяқталған соң тәжірибеге қатысқандардың 30%-ы бас ауруынан құлан таза айыққанын айтқан, ал 55 пайызы бас ауруының бәсеңдегенін баяндаған. Электрлі білезіктің ауруды емдеп-жазудағы тиімділігі бас ауырғанда қолданылатын дәрінің тиімділігімен салыстырылған. Нәтижесінде оның тиімділігі дәрінің тиімділіген кем түспеген. Сеанс, яғни, аталған құрылғымен ем қабылдау уақыты 20 минутқа шақталған. 

0 пікір
Мұрағат