Қазақстан 12 жылда шетелге қанша млрд доллар инвестиция құйды
Қазақстан 12 жылда шетелге қанша млрд доллар инвестиция құйды
6 жыл бұрын 3474

Қазақстан 2005-2017 жылдар аралығында шетелге 62 млрд доллар көлемінде инвестиция жіберді. Бұл туралы Даму және инвестициялар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство инвестицияның бәрінен көп Голландияға жіберілгенін жеткізді. 12 жыл ішінде республика бұл елге 38,4 млрд доллар көлемінде ақша жіберген.

Екінші орында Ұлыбритания тұр. Біріккен патшалық Қазақстаннан 5,6 млрд доллар көлемінде инвестиция алған.

Қазақстан көрші Ресейге 3,5 млрд доллар көлемінде ақша жіберген. Ал бұл тізімді Ирландия бекітеді. Аталған мемлекетке Қазақстан 12 жылда 1,8 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған.

Қалған 12,7 млрд доллар инвестиция басқа мемлекеттерге жіберілді.

0 пікір
Мұрағат