Нұрқанат Байзақ: "Қазақстанда қажылыққа барушыларға қандай талап қойылады"
Нұрқанат Байзақ: "Қазақстанда қажылыққа барушыларға қандай талап қойылады"
6 жыл бұрын 2913

Биыл қазақстандықтар қажылыққа 14 тамыздан бастап аттанады.

Қажылар Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей әуе рейстері арқылы ұшады, деп хабарлайды 24 арна.

Қазақстандықтардың Сауд Арабиясына аттанатын қажылық сапарына 18 туристік компания қызмет көрсетеді. Олар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биыл 3 мың қазақстандық қажылыққа барады.

«Бес парыздың біреуін өтеуге баратын қазақстандықтардың қауіпсіздігі басты назарда», – дейді сапарды ұйымдастырушылар.

Ұшу тікелей рейс арқылы жүзеге асады. Қойылатын талаптар жылдағыдай – төлқұжаттар, сонымен қатар менингитке қарсы вакцина салдыру. Сол туралы сертификат қолдарында болуы керек», – дейді ҚМДБ қажылық бөлімінің қызметкері Нұрқанат Байзақов.

Сауд Арабиясы қолайсыз елдер қатарына болғандықтан қажылар менингитке қарсы екпе салдыруы міндетті.

«Екпені сапардан кем дегенде 10 күн бұрын алу керек. Сонда ғана әсері болады», – дейді дәрігерлер.

«Сауда Арабиясы ең алдымен менингококк жұқпасына қарсы егуді немесе вакцинаны алуды талап етеді», – дейді «СЭС және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының бөлім басшысы Айнагүл Қуатбаева.

0 пікір
Мұрағат