Үндістанда 4 млн-дай адам азаматтықтан айырылды
Үндістанда 4 млн-дай адам азаматтықтан айырылды
6 жыл бұрын 3197 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан билігі Бангладешке 4 млн-ға тарта адамды қууы мүмкін. Кеше, яғни, дүйсенбіде Ассам штатының билігі тіркеу тізімінің жаңғыртылғанын жария етті. Онда 29 млн тұрғынның аты-жөні тұр. Аталмыш тізімге енгізу жөнінде 33 млн адам өтініш берген көрінеді. Бұл тізімге енбегендер өзі мен отбасының  Бангладеш 1971-ші жылы тәуелсіздігін жарияламай тұрған кезден бері ел аумағында тұрып келгенін дәлелдеуі тиіс. Дәлелдей алмағандар көрші елге жер аударылады. Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткеніне немесе тұтас бір ұрпақтың ауысқанына қарамастан тарих еншісінде қалуы тиіс мәселені Үнді билігі неге қозғап отыр? Ең алдымен бұған халық санының бақылауға көнбей өсуі себеп болып отыр. Мұнша халықты асырау, олардың денсаулық сақтау, білім беру, тағы басқа да әлеуметтік бағдарламалар бойынша қамту мемлекет қазынасына ауыр салмақ салып отыр. Десе де мынаны айта кету керек, ең алдымен бұл шарадан бенгалдық мұсылмандар жапа шегеді. Құқық қорғаушылар билік басындағы "Бхаратия джаната парти" деп аталатын үнді ұлтшылдарының бұл әрекетін мұсылмандарға қарсы бағытталған науқанға балап, сынға алып отыр. Бангладеш онсыз да өткен жылы будда радикалдардының зорлық-зомбылығы мен қуғын-сүргінінен бас сауғалап келген бір миллионға таяу рохинялық мұсылман босқындарды қабылдамай отыр. Енді үнді 4 млн-дай үнді мұсылмандары Бангладешке еріксіз қоныс аударса, олардың жағдайы не болады? Үнділердің NDTV коммерциялық телеарнасы аталмыш тізімнің 1951-ші жылдан бері алғаш рет жаңғыртылып отырғанын мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат