Қай мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары екені анықталды
Қай мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары екені анықталды
6 жыл бұрын 4453 Ақмарал Шағатай

Оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша «Металлургия» мамандығы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары рейтингісінің екінші кезеңіне қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Қазіргі уақытта 64 мамандық бойынша рейтинг құрылды. Бірінші кезеңде 784 білім беру бағдарламасына бағалау жүргізілді де, қыркүйек айында сарапшылар тағы 681 бағдарламаны бағалады. Екінші кезеңге барлығы 201 сарапшы тартылып, 2016-2017 оқу жылындағы 3 мыңға жуық түлектен сауалнама алынды. Білім беру бағдарламаларын бағалау түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші, олардың орташа жалақыларының көлемі, бағдарламаның өзектілігі, жұмысқа орналасу туралы түлектер сауалнамасының нәтижесі секілді белгілер бойынша жүргізілді», - деді Ешенқұлов.

Ол бағалаудың екінші кезеңінде салалық сарапшыларды тартумен 31 мамандыққа білім беру бағдарламасының мазмұнындағы қайшылықтарға талдау жүргізілгенін айтты.

«Университетті тәмамдағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасу бойынша ең жоғарғы көрсеткіш «Металлургия» мамандығы бойынша байқалды. Ол 80% құрады. Оның ішінде Рудный индустриалдық институты, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлектері бар. «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының түлектері бұл көрсеткіш бойынша 58% көлемінде жұмысқа орналастырылған», - деді БҒМ өкілі.

Ешенқұлов жоғары оқу орындарының оқу процесі теорияға көп негізделуін кемшілік ретінде атады.

«Түлектің дайындық деңгейіне тікелей байланысты жалақы өлшемі де маңызды болып табылады. Профессорлық-оқытушылық құрамы мықты және бағдарламасы сауатты оқу орнын бітірген студент әлдеқайда бәсекеге қабілетті екенін жүргізілген талдау көрсетті. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану» мамандығы бойынша ең жоғарғы жалақы тіркелді. Ал ең төменгі еңбекақы Қазақ технология және бизнес университетінің «Жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы бойынша анықталды», - деп түйіндеді комитет басшысы.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы CISCO компаниясымен бірге мемлекеттік қызметтерді қашықтықта онлайн тәртіпте ұсыну жобасын жасады. Енді 20 мемлекеттік қызметті видеобайланыс арқылы алуға болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтерді алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы бірқатар ақпараттық анықтамаларға – мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдері, тіркелген құқықтар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтінім беріп, мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында – Сығанақ көшесі, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлімінде, «Қазпошта» цифрлық бөлімдерінде, Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйінде іске қосылды. Жуырда Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігінде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тізімі:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру
  2. Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәлімет беру
  4. МГОВта тіркелу
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру
  6. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару (ЭЦҚ растау)
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
  9. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
  12. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру
  13. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру
  14. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
  16. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
  17. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
  18. ЭЦҚ алуға өтінім беру
0 пікір
Мұрағат