Мұғалімге тіл тигізгендер қанша айыппұл төлейді?
Мұғалімге тіл тигізгендер қанша айыппұл төлейді?
4 жыл бұрын 2852 jasqazaq.kz

Педагогтерге қатысты «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады.

- Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

- егер жыл ішінде қайталанса, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;

- Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

- егер жыл ішінде қайталанса, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

- Педагогті өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі;

- егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айыппұл салынады;

- Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін ескерту беріледі;

- егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту беріледі, Егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Мұғалімге тіл тигізгендер қанша айыппұл төлейді?

0 пікір
Мұрағат