Иранның Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылының видеосы
Иранның Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылының видеосы
4 жыл бұрын 2685 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның Press TV телеарнасы Ирактың батысында орналасқан Ербілдегі АҚШ-тың Айн-әл-Асад әскери базасын зымыранмен соққы берген видеосын жариялады. Press TV ақпарат көзінің дерегі бойынша осы шабуылдың нәтижесінде 80 адам опат болған. Алайда, Fox News телеарнасының мәліметіне сәйкес Иран шабуылынан қаза болғандардың арасында америкалықтар жоқ. Оқталған 15 зымыранның 11-і нысанасына дәл тиген. Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары осындай дерек келтіріп отыр. 

Кадрдан америкалықтар түбіне жеткен генерал Қасым Сүлеймен үшін қайтарылатын кек ретінде Ирактағы АҚШ әскери базаларына зымырандармен атып жатқанын көруге болады, - деп жазылған видео астында.

 

0 пікір
Мұрағат