М.Тайжан латифундистерге қарсы шараларды атады
М.Тайжан латифундистерге қарсы шараларды атады
8 жыл бұрын 2982

Қызылорда облысында өткен Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан ірі жер иеленушілерге қарсы шараларды жариялады. Оны өзгерістер ретінде заңға енгізу көзделіп отыр,

«Латинфундистерге қарсы біраз өзгерістер бойынша конценсус бар сияқты. Латифундистерге қарсы заңға мынандай өзгерістерді енгізуге болады деп ойлаймын. Субарендаға тыйым салу қажет. Бұл мәселе бірнеше рет айтыды. Сосын айқын кадастрлық паспортизациясын ұйымдастыру. Қазір ондай кадастр бар. Бірақ жер иелерінің аттары жоқ. Өйткені ол үшін арнайы заңға өзгерістер енгізу керек. Жерлердің көлемі шектеулі болуы керек. Ондай шектеулер жоқ. Осы сұрақтар бойынша да комиссияда конценсус бар сияқты», - дейді М.Тайжан.

Оның айтуынша, конценсусы жоқ мәселелер де бар. Ол - шетелдіктерге жерді беру-бермеу мәселесі.

«Егер біз осы мәселе бойынша бір келісімге келмесек, онда мараторийді ары қарай жалғастыру қажет. 5 жылға ма, 10 жылға ма. Оразалы аға да жақсы айтты, біз әлі жеке меншікке дайын емеспіз. Мен де бұндай пікірге қосыламын. Біздің мемлекеттік жүйеміз, халықтың да сана-сезімі оған әлі дайын емес», - деп атап көрсетті М.Тайжан.

Ауыл маңайындағы сатылып кеткен жерлер қайтарылуы мүмкін

Ауыл маңайындағы жалға берiлiп, сатылып кеткен жайылым жерлер керi қайтарылуы мүмкiн. Әрi мұндай жерлердi жеке меншiкке де, жалға да беруге қатаң тыйым салу қарастырылады. Бұл туралы Қызылорда облысында өкен Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысында айтылды

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бес отырысының қорытындысы бойынша әзiрленген нақты ұсыныстарды жеткiздi.

«Халықтың назарында болып отырған елдi мекен шегiнде халықтың жеке малын жаюға арналған жерлерге тоқталып өтсем. Қазiргi жағдайда елдi мекен шегiндегi жайылымдарды жалға беруге тыйым салынбаған. Ал оның маңайындағылар жеке меншiкке берiледi. Ал ауылдағы халықтың малына жайылымдар жеткiлiксiз. Сондықтан елдi мекен шегiнен тыс жерлердегi радиусты, халық қажеттiлiгiне керек жайылым жерлердi анықтау керек. Келесi ретте осы елдi мекен шегiнен берiлiп кеткен жайылымдарға талдау жасап, оларды керi қайтаруды қарастыру және мұндай жерлердiң жеке меншiкке де, жалға да берiлуiне қатаң тыйым салуды ескерген орынды болар. Бұл менiң баяндамам келiп түскен ұсыныстардың қорытындылары негiзiнде дайындалған», - деп атап өттi Е.Нысанбаев.

Айта кетейiк, сондай-ақ, бiр қолға жалға берiлетiн жердiң шегi бекiту ұсынылды. Бұдан бөлек, Қазақстан азаматтарына жердi жалға беру көзделген қолданыстағы заң нормаларын жетiлдiру қарастырылады.

0 пікір
Мұрағат