2017 жылдан бастап грантпен оқығандар үш жыл қызмет істеуге міндеттеледі
2017 жылдан бастап грантпен оқығандар үш жыл қызмет істеуге міндеттеледі
8 жыл бұрын 3187

Биыл дәрігер немесе мұғалім боламын деп шешіп, грантқа түскен талапкерлер, университетті тәмамдағаннан кейін мамандық бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс - деп хабарлайды «BAQ.kz» ақпарат көзінің тілшісі.

«Бұл жеңілдіктердің медициналық және педагогикалық мамандықтарды таңдаған студенттерге қатысы жоқ». Осылай деген ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров бұл «Білім туралы” заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде қабылданып отыр – дейді.

Келер жылдан бастап, яғни, 2017-2018 оқу жылдарынан бастап бұл ереже жоғарғы оқу орындарына бюджет есебінен оқуға түскен барша студент үшін міндетті нормаға айналады. Биылғы талапкерлер грант жеңіп алып, мемлекет қазынасы есебінен оқып және мемлекетке ешқандай қарыз болып қалмай оқу бітіре алады.

«Мемлекет 2017 жылы грантқа оқуға түсетіндерден болашақта еңбекке араласу деңгейіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ішінара мемлекеттік тапсырыстың бөлінуін де қайта қарайды. Гранттар әр аймақтағы еңбек нарығындағы талап бойынша бөлінбек. Осының арқасында университет түлектері жылдам жұмыс орнын таба алады” – дейді ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров.

0 пікір
Мұрағат