Мешіт тәртібін бұзған азаматқа айыппұл салынды
Мешіт тәртібін бұзған азаматқа айыппұл салынды
8 жыл бұрын 3963 ummet.kz

Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінде ғибадат ету тәртібін бұзған азаматқа айыппұл салынды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2016 жылдың маусым айында тұрғылықты азамат Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітінде ғибадат ету уақытында мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, дауыс көтеріп, имам мен жамағаттың намаз оқуына кедергі келтірген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген мешіттің ішкі ережесі мен тәртібіне сәйкес, намаз оқушы жамағат ішкі тәртіп-ережелерін мұқият сақтауға, көрсетілген талаптарды орындауға міндетті. Жамағаттарға мешітте дау-жанжал шығаруларына, қарама-қайшы іс-қимыл, әрекеттер жасауларына тыйым салынады.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен мешіттің ішкі тәртібіне бағынбаған «мінезді» азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 106 050 теңге әкімшілік айыппұл cалынды.

1 пікір
Мұрағат