Депутат ұзақ мерзімге абақтыға жабылды
Депутат ұзақ мерзімге абақтыға жабылды
8 жыл бұрын 2174 Әбдіхамид Дашти

Кеше, яғни, шілде айының 27-і күні Кувейт соты Сауд Арабиясы мен Бахрейнге қатысты саяси мәлімдеме жасағаны үшін ел парламентінің депутатына үкім шығарып, ұзақ мерзімгі, дәлірегі, 14 жарым жылға абақтыға жапты. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Осы жылдың ақпан айында депутат-шиит Әбдіхамид Дашти сириялық теледидар эфирінен Сауд арабиясы мен Бахрейнді «терроризмге дем беріп отыр» деп айыптап, саяси астары ауыр мәлімдеме жасаған еді. Оның осы мәлімдемесінен кейін халықаралық жанжал бұрқ ете қалды. Кувейттік депутат «қол сұқпау құқығынан» айырылып, іздеу жарияланды. Дәл қазіргі уақытта «аузынан қағынған» депутат шетелде жүргендіктен сот үкімі оның сыртынан шығарылды.

0 пікір
Мұрағат