Лаңкестік туралы алдын ала ескерткендерге 2 миллион теңге төленеді
Лаңкестік туралы алдын ала ескерткендерге 2 миллион теңге төленеді
7 жыл бұрын 2428 jasqazaq.kz/

ҚР Үкіметі 2016 жылдың 9-қарашасында «Лаңкестік актісін алдын алу немесе тоқтатуға көмектескен ақпаратға сыйақы бекіту мен төлеу туралы» тәртіпті бекітті деп хабарлады Zakon.kz. Құжаттың жобасын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірледі.

Құзіретті органдарға лаңкестік акт туралы алдын ала ескертіп, оны тоқтатуға немесе алдын алуға көмектескен тұлғалаларға 750-ден 1000 айлық есептік көрсеткіш аралығына дейін ақшалай сыйақы қарастырылады. Қазір 1 айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге болып белгіленген.

Құжатта сыйақы лаңкестік актісін даярлап, ұсталған адамға қатысты сот үкімі шыққанда төлентіндігі баса айтылған.

Сыйақы лаңкестікке қарсы салаға бөлінген бюджет қазынасынан төленеді.

Жарлық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңдық күшіне ие.

0 пікір
Мұрағат