МАРОККО МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫН 80 ПАЙЫЗҒА ҚАЛАЙ ҚЫСҚАРТТЫ?
МАРОККО МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫН 80 ПАЙЫЗҒА ҚАЛАЙ ҚЫСҚАРТТЫ?
7 жыл бұрын 3123 muslim.kz

2016 жылы Марокко билігі елдегі мешіттердің жүзден астамын электр энергиясын үнемдейтін құрылғылармен жабдықтаған болатын. Алдағы бес жылда мемлекет қаржыландыратын 15 000 мешітті осындай үнемдеу жүйесіне келтіруді жоспарлап отыр.  

Марокко билігі қазір "Жасыл мешіттер" жобасын қолға алып отыр. Сырттан келетін жанармайды әрі атмосфераға тарайтын қалдықты азайту мақсатында Марокко миллиардтар жұмсап жатыр. Халықаралық энергетикалық агенттің мәлімдеуінше, Марокконың 95% энергиясы сырттан импорт жасалады.1

"Жасыл мешіттер" жобасының тиімділігі сол, жарықдиодты шамдар қою, күн арқылы су жылытатын құрылғылар орнату және күн панельдерінің қойылуында. 

Ел астанасы Рабатта орын тепкен "Әс-Сунна" мешіті осы жобалардың жүзеге асатындығының айқын дәлелі бола алады. Үкімет оған $30000 қаржы көлеміндегі энергия үнемдейтін құрылғылар орнатып, шығынды 80% азайтқан. Яғни, бұрынғы шығындарға қарағанда енді жылына $7000 қаржы үнемделетін болды.

0 пікір
Мұрағат