Келесі жылы дәрі-дәрмек нарығының жартысын өз өнімдеріміз толтыратын болады
Келесі жылы дәрі-дәрмек нарығының жартысын өз өнімдеріміз толтыратын болады
9 жыл бұрын 3240

Келесі жылы, яғни, 2014 жылдың қаңтар айында отандық дәрі-дәрмек өнімдері еліміздегі нарықтың жартысын толтыратын болады. Яғни, бұл саладағы нарықта 50 пайыз отандық дәрі-дәрмек болады. Бұл жайында «Қазақстанның фармацевтикалық-медициналық индустрия» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов хабарлады. «Біз қазіргі уақытта отандық дәрі-дәрмек өндіруді қарқынды дамытып жатырмыз. Мәселен, 2008-2010 жылы 8-10 млрд-қа жуық отандық дәрі-дәрмек шығарсақ, бүгіндері бұл көрсеткіш 36 млрд-қа жетті. Бұған қоса, қазақстандық кәсіпорындарға шетелдік инвесторлар келіп, қаржы құйып жатыр. Инвестицияның жалпы мөлшері 300 млн доллардан аса қаржыны құрады. Бұрын инвесторлар нарықтың шағын болуына байланысты келмеген еді», - деді ол. Оның келтірген дерегіне қарағанда, еліміздің нарығындағы отандық үлесіміз 37 пайызды, ал шетелдік дәрі-дәрмек өнімдері 63 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, ол өткен жылы елімізде дәрі-дәрмек өндіретін жеті кәсіпорын ашылғанын жеткізді. Ал экспорттау мәселесіне келетін болсақ, жылына шамамен 5-7 пайызға артып келеді.

0 пікір
Мұрағат