Мемлекеттік туды неге ілуге болмайтыны жөнінде түсінік берілді
Мемлекеттік туды неге ілуге болмайтыны жөнінде түсінік берілді
9 жыл бұрын 4207

Кеше еліміздің байрағын балконына ілген Жандос Құрманбаевқа айыппұл салынғаны турасында хабарлаған едік. Аталмыш жаңалық ғаламторда қызу пікірталасқа арқау болып, интернет қолданушылары әлеуметтік желіде Қазақстан туын ұстап түскен суреттерін жариялап отыр. Олар балконға ілінген ту үшін салынған айыппұлға осылай жауап берген.

Ал заңгер Михаил Кленчин  мемлекеттік туды оның бейнесінмен шатастырмау керектігін алға тартты.

Заңгер Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында мемлекеттік туды оның көлеміне, материалына, бояуына және түс гаммасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, лицензиясы бар құзыретті органдар ғана дайындайтынын айта келіп, байрақты жою нұсқауына дейін келтірген. Яғни, мемлекеттік туды өртеу, 2,5 шаршы сантимерден аспайтын көлемде ұсақтау, т.б. арқылы жоюға рұқсат етілетінін жазыпты. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік тудың бейнесі – байрақтың өзі емес және оны шоколад қорабына, іш киімге, т.б. салуға болмайды. «Осылайша заңнамада мемлекеттік туды материал обьектісі ретінде қарауға тыйым салынған, әйтсе де, мемлекеттік байрақты өзге материал обьектілерінде пайдалануға рұқсат етілгенін» жазыпты.

0 пікір
Мұрағат