Жетісу өңірінде 8 миллион тонна тұрмыстық қалдық шашылып жатыр (видео)
Жетісу өңірінде 8 миллион тонна тұрмыстық қалдық шашылып жатыр (видео)
8 жыл бұрын 3085 24.kz

Елімізде табиғаты әсем өңірлердің бірі Жетісу саналады. Өкінішке қарай, аймақ тұрғындары тұрмыстық қалдықтардың жағымсыз әсерінен зардап шегіп отыр. Қазір онда 8 миллион тонна қалдық далада шашылып жатыр. Оның көп бөлігі Алматы қаласының маңайындағы аудандардың төңірегіне төгілген. «Бақылау жоқ, қоқыс тасушылар тасалау жер көрсе, аудара салады», - дейді прокурорлар. Аймақта тұрмыстық қалдықтар төгуге арналған 12 полигон болса, оның 8-і ғана тиісті экологиялық рұқсатнамамен жұмыс істейді. Сондай-ақ, 370-тен астам жасырын қоқысхана бар. Былтыр 244 мәрте тексеру жүргізіліп, айыппұлдар салынғанымен, жағдай түзелмеген. Оған қоса, қалдықтарды қайтадан кәдеге жарататын өңдеуші кәсіпорындар жоқ. Ал өңірдегі полигондарға күн сайын 800 мың тонна қоқыс төгіледі. Еркін Мәлібайұлы, облыстық прокуратура бірінші басқармасының аға прокуроры: - Еңбекшіқазақ ауданы бойынша, Қарасай ауданы бойынша, Текелі қаласы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу үстінде. Сонымен қатар, ауылды мекендерде осындай заңсыз қалдықтар орналасқан деректер бойынша 80 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мэлс Елеусізов, эколог: - Сұмдық, қай жерге бармасаң да «свалка». Ол жанады, оның иісі бар, басқасы бар. Сондықтан, бұл мәселені тез уақытташешу керек. Мен прокуратурамыз қолға алып, осыны қарап жатқанына өте қуаныштымын. 

 

0 пікір
Мұрағат