Жануарлар әлемі: Қостанай тұрғыны "торғай-балықты" ұстап алды
Жануарлар әлемі: Қостанай тұрғыны "торғай-балықты" ұстап алды
8 жыл бұрын 4184

Торғайға ұқсас балық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде қызу талқыланып жатыр. Оны қостанайлық Александр Шибанов ұстап алған, деп хабарлайды «Baq.kz» ақпарат көзінің тілшісі «24.kz» телеарнасына сілтеме жасап.

«Мұндайды көргендегі менің таңданысымды айтсаңызшы! Мен бұл балықты 29 маусымда Цыганское көлінен ұстадым, ол Зуевка ауылынан (Алтынсарин ауданы) шамамен 10 шақырым жерде орналасқан. Достарымызбен бірге барғанбыз. Бала күнімнен балық аулауды жаным сүйеді. Алпыс жылдық тәжірибемде мұндай ғажайыпты бірінші рет көруім. Меніңше, бұл мөңке балық бұған дейін де біреудің қармағына түскен, тек ол үзіліп кетіп, ауыз тұсы жыртылған секілді. Уақыт өте ол бітіп, салдарынан ерні бұртиып, тұмсыққа ұқсап қалған. Бұрындары алып балықтарды ұстап мақтанатынбыз. Биылғы ау «торғай-балықпен» есте қалатын болды», - дейді «Наш Костанай» газетіне берген сұхбатында ерекше балықты аулаған Александр Шибанов.

0 пікір
Мұрағат