Ит талаған зейнеткер ауруханада жан тапсырды
Ит талаған зейнеткер ауруханада жан тапсырды
2 жыл бұрын 708

Бұл оқыс оқиға Ақмола облысында 78 жастағы қарияны ит талап өлтірді. Бұл туралы nur.kz сайты «ҚазАқпаратқа», ал аталмыш ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында болған. Көршісінің үйіне барған 1936 жылғы қарияны көршісінің алабай иті тарпа бас салған.

Бас және мойын тұсын шайнап тастаған әйел ауыр халде аудандық кейін, облыстық аурухана жеткізілгенімен дәрігерлер қарияның өміріне араша түсе алмады. Алған дене жарақатынан араға он күн салып көз жұмған.

Қазіргі кезде ит өлтіріліп, иесінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

0 пікір