Қазақстанда АЭС салу туралы шешім тұрғындармен толық талқыланған соң қабылданады
Қазақстанда АЭС салу туралы шешім тұрғындармен толық талқыланған соң қабылданады
2 жыл бұрын 630

«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім аталған мәселе тұрғындармен толық талқыланған соң қабылданады. Бұл туралы алдыңғы күні ҚР Парламенті Мәжілісінде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

"Әлі шешім шығарылған жоқ. Ең алдымен бұл мәселе халықпен және биліктің барлық құрылымдарымен кең көлемде талқыланатын болады", - деді Б.Жақсалиев.

Оның айтуынша, бүгінде атом электр станасын салуға болады деген екі орын белгіленіп отыр. 

"Бізде екі орын жоспарланып отыр. Біріншісі Балқаш көлінің маңайында, дәлірек айтсақ, көлдік оңтүстік-шығыс бөлігінде, Шығанақ теміржол стансасы бар, Өркен ауылы орналасқан жер. Екінші орын Семейдегі сынақ полигонында. Ол жерде Курчатов қаласы орналасқан. Дегенмен Курчатов қаласы деп шартты түрде ғана айтып отырмыз. Ал негізінде Семей сынақ полигонында", - деп түсіндірді ол.

Вице-министрдің айтуынша, АЭС 2025 жылға дейін салынуы мүмкін.

0 пікір