Енді халықаралық рейстерге қалта телефоны арқылы тіркелуге болады
Енді халықаралық рейстерге қалта телефоны арқылы тіркелуге болады
7 жыл бұрын 2624 bag.kz

Наурыз айының 5-нен бастап «Эйр Астана» Алматыдан ұшатын жолаушы­ларына халықаралық рейске ұялы телефон арқылы тіркелуді ұсынады.

Мобильді отырғызу талоны бар жолаушыларға шекаралық ба­қылаудан өту үшін FAST TRACK жеке үстелше белгіленген. Бұл қызмет Алматы халықаралық әуе­жайымен және ҚР ҰҚК шекара қызметімен өзара әрекеттестік арқасында мүмкін болды. Сөйтіп, «Эйр Астана» осындай қызметті ұсынатын Қазақстандағы бірінші әуекомпания атанды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың шілде айында ішкі рейстерге мобильді тіркелу енгізілген болатын.

Мобильді тіркелу үшін air astana қосымшасын жүктеп, отырғызу алдында телефонды сканерлейтін құрылғыға жақындату керек. Тіркелу рейске дейін 24 cағат бұрын басталып, бір сағат бұрын жабы­лады.
Бірінші жартыжылдықта «Эйр Астана» бұл қызметті Қазақстан­ның басқа да қалаларында қосуды жос­парлап отыр.
Мобильді тіркеуді қосу қызмет сапасын және экономикалық тиімділікті жоғарылатуға септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат