Айналдырған екі күннің ішінде шағын елде 110 адам аштан өлген
Айналдырған екі күннің ішінде шағын елде 110 адам аштан өлген
7 жыл бұрын 3359 Feisal Omar / Reuters Хасан Али Хайре islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жұма және сенбі – бар-жоғы екі күннің ішінде Африка құрлығында орналасқан шағын Сомали мемлекетінде 110 адам аштықтан көз жұмды. Сомали премьер-министрі  Хасан Әлі Хайра осындай мәлімдеме жасап, әлем қауымдастығын шұғыл қолұшын созуға шақырды. Құрғақшылықтан аталған елді аштық жайлаған еді. Бұл жайында Associated Press ақпарат агенттігі хабар таратты. Бұған қоса, бұл елде құрғақшылықтың кесірінен тырысқақ және өзге де жұқпалы ауру өршіп кеткен. Бұл дерттерден, әсіресе, балалар зардап шегуде. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша Сомалидің қиындыққа душар болған тұрғындарын аштықтан және аурудан аман алып қалу үшін 24,6 миллион доллар қаражат қажет. 2011 жылы бұл елде осыған ұқсас ауыр жағдайдан 250 мыңнан аса адам опат болғанын айта кету керек. Айта кетейік, Сомали әлемдегі БҰҰ бөлген төрт миллиардтан аса қаражат қарастырылған көмек пакеті ұсынылатын елдердің біріне жатады. Мұндай елдердің қатарында Нигерия мен Оңтүстік Судан да бар.

 

0 пікір
Мұрағат