Миллиардерлерден құралған парламент: Қытай депутаттарының дәулеті қанша?
Миллиардерлерден құралған парламент: Қытай депутаттарының дәулеті қанша?
7 жыл бұрын 3640 vestifinance.ru

Қытай парламентінде әлемдегі ең бай адамдар отыр. Жүзге жуық депутаты миллиардер санатында. Бәрі қаржысын доллармен жинапты. 

Олар жылжымайтын мүліктен бастап энергетика секторына дейін ауыз салған.
 
Дәулеті 300 млн доллардан асатын 209 депутаттың жиынтық қаржысы Бельгия мен Швецияның жылдық ЖІӨ-не тең екен. Бұл Дүниежүзілік банктің дерегі.
 
Дегенмен көршіміздің парламентінде барлық таптан шыққан өкілдер қызмет етеді. Ал экономикасы қазір әлем бойынша екінші орында тұр.
 
2015 жылы Қытай миллиардерлері ең көп ел атанған. Бұл арада АҚШ-ты басып озыпты.
 
Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ Конгресінде бірде бір миллиардер жоқ. Ең бай деген калифорниялық Даррел Иссаның табысы 440 млн долларды құрайды екен.
 
Президент Дональд Трамп өзін миллиардер дегенімен, табысына салынатын салық туралы декларацияны ұсынудан бас тартқан.

0 пікір
Мұрағат