Еліміздің барлық фермерлері үшін бірыңғай сайт пайда болды
Еліміздің барлық фермерлері үшін бірыңғай сайт пайда болды
8 жыл бұрын 3280 khabar.kz, strategy2050.kz, siseco.com.mx

Қазақстанда тегін негізде АӨК субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша мембағдарламаны іске асыру аясында барлық фермерлер үшін бірыңғай интернет-ресурс іске қосылды. «Тегін негізде АӨК субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша мембағдарламаны іске асыру аясында Қазақстанның барлық фермерлері үшін портал жасау тапсырмасы алға қойылды. Бұл өнімнің ерекшелігі мен бірегейлігі, ол барлық фермерлер бұл жерде тек оқып, ақпарат алып қана қоймайды. Сонымен қатар, сатуға қоя алады, сатып ала алады», – деді Маркетинг және қаржы бойынша басқарушы директор Рауан Ерұлан Е.Ерұланның айтуы бойынша, портал 25 қазақстандық сарапшы мен 25 шетелді сарапшыдан құралған. Оны ҚР ҰКП  агро құзірет орталығы биыл жұмысқа алды және ол жерде 24 сағат бойы жоғары білікті мамандардан кеңес алуға болады.  «Бұл 25 бағыт АШМ-да анықталған болатын. 13 бағыт жануарлар бойынша және 12 бағыт өсімдіктану бойынша болады. Барлық бағыт бойынша бүгінгі күні білікті мамандар таңдалған. Оған қоса олар шетелдің сарапшыларымен бірге жұмыс жасайды», – деді Маркетинг және қаржы бойынша басқарушы директор Рауан Ерұлан.  

0 пікір
Мұрағат