Балалар ауруханасына әуеден шабуыл жасалды (видео)
Балалар ауруханасына әуеден шабуыл жасалды (видео)
8 жыл бұрын 2806 24.kz, minval.az

Сирияның Идлиб провинциясында балалар ауруханасына да әуеден шабуыл жасалды. 13 адам ажал құшқан. Марқұмдардың арасында 5 бала бар. Тағы 6 кісі жарақат алған. Мекеменің «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымына тиесілі екені белгілі болды. Оның өкілдері айтқандай, әуе соққысынан кейін 70 мыңға жуық тұрғын медициналық көмектен қағылған. Өйткені, төбеден түскен бомбалар медициналық жабдықтарды түгелдей тас-талқан еткен. Шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

0 пікір
Мұрағат