Балқаш көлінде су деңгейі төмендеп кетті
Балқаш көлінде су деңгейі төмендеп кетті
8 жыл бұрын 3434

Жетісу өңіріндегі ірі өзендердің барлығы Балқаш көліне құяды. Өкінішке орай, кейінгі жылдары олардың ағысы баяулап, көлдегі су деңгейі төмендеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар-24» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Телеарна сайтының мәліметтеріне қарағанда, қалыптасқан жағдай көлде балық қорының азаюына және айналадағы экологиялық ахуалдың бұзылуына себеп болып отыр.

«Жағдайды реттеу үшін бұдан 2 жыл бұрын Алматы облысының әкімдігі арнайы қаулы қабылдап, мелиоративтік жасақ құрған. Ол Іле және Қаратал өзендеріне шөгіп қалған құмдарды жағаға шығарып, судың ағысын жылдамдатады. Қамыс басып кеткен тоғайларды тазартады. Биыл бұндай жұмыстарға облыс бюджетінен 80 миллион теңге бөлініп отыр. Келесі жылы бұдан екі есе көп қаражат қарастырылмақ. Сайып келгенде, Балқаш көліндегі балықтар мен маңайдағы өсімдіктер әлеміне ыңғайлы жағдай туғызу кезек күттірмейтін шара», - дейді мамандар

«Қаратал өзенінің екінші арнасын бүгін Балқашқа алып бара жатырмыз. Бүгінгі таңда шаруаның көбі бітті. Жобамыз бойынша осы алдағы қараша айының басында жұмыс толығымен аяқталады»,-дейді «Қаратал» мелиоративтік жасағының директоры Бақберген Мәдібеков.

0 пікір
Мұрағат