Елбасы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды
Елбасы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды
8 жыл бұрын 2058 Baq.kz

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай ақ, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқып, Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына барды.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

0 пікір
Мұрағат